Областные

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Облыстық «Дала дауысы» атты фольклор жинау жобасы

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Облыстық «Дала дауысы» атты фольклор жинаужобасы Ұйымдастырушылар: Алматы облысы әкімдігі; Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы; Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы. Өтетін жері:Талдықорған қаласы Өтетін уақыты:Жыл бойы Қазіргі заман талабынан туындайтын мәселелердің бірі – жас ұрпақты жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты дамыған парасатты адам ретінде қалыптастыру, оның бойында ұлттық психология, ұлттық сананы орнықтыру, әлеуметтік ортадағы, өзін қоршаған табиғат, әдебиет пен өнердегі, тұрмыстағы, салт-дәстүрдегі, сұлулықты, жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу. Олай болса, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, әдеби, мәдени бай қазынасын баланың зердесіне орнықтырып, парасатты орта қалыптастыру баршамыздың ортақ міндетіміз! Қазақ халқының мәдени және рухани байлығын игеруде фольклор жанрының орны ерекше. Өйткені ол - өске...
Подробнее Просмотры: 299 Категория: Областные Дата: 18.02.2019

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухан жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өтетін облыстық «АСЫЛ МҰРА» жыршылар байқауы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухан жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өтетін облыстық «АСЫЛ МҰРА» жыршылар байқауы Өтетін жері:Аудан, ауыл, қала көлемінде Кіріспе:«Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деп сөз өнерін, тіл тағылымын ардақ тұтқан қазақ халқы көне заманнан бері жырларды қадірлеген десек артық емес. Поэзиямен жаны егіз көшпенділер тал бесіктен жер бесікке дейінгі аралықта жыр әуеніне елітіп өскен. Соның әсері болуы керек жыр тарих сахнасында хандарға, сұлтандарға, өз ықпалын жүргізіп, халықтың игілігіне жараған. Жырларда тақырыптық аңыздар, батырлар, туған жер, ұлт-азаттық күрес, сонымен қатар насихат, өнеге ғибрат, нақыл сөз үлгілерін көптеп кездестіреміз. Әдебиет тарихында жыршылардың орны ерекше. Себебі жыраулар поэзиясы болсын, эпостық жырлар болсын, халық ауыз әдебиетінің барлық үлгілері бүгінгі күнге жыршылар арқылы жеткен. Жыршылар байқауының мақсаты:Мемлекетіміздің мәдениет саласындағы саясатын дамыту....
Подробнее Просмотры: 262 Категория: Областные Дата: 18.02.2019

«ЖАС ДАРЫН - 2019» облыстық жастар шығармашылығы байқауы

«ЖАС ДАРЫН - 2019» облыстық жастар шығармашылығы байқауы Алматы облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «ЖАС ДАРЫН - 2019» облыстық байқауы 2019 жылдың қазан айында өтеді. Байқаудың мақсаты мен міндеті Өнердегі жас таланттарды іздестіру, үлкен сахнаға шығару, өнерлерін өрістетіп, оларға қолдау көрсету; Дарынды жастардың орындаушылық шеберлігінің шыңдалуына, өнер қанатын кеңге жайып, танылуына мүмкіндік жасау; Мәдениет саласындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру; Облыстағы әншілер, жыршы-термешілер, бишілер, көркемсөз оқу мен музыкалық аспапта орындаушылар қатарын жаңа жас дарынды буын өкілдерімен толықтыру; Талантты, өзіндік ерекшелігі бар орындаушыларға қолдау көрсетіп, арнаулы оқу орындарында білім алуына, халықаралық және республикалық байқауларға қатысуына ықпал ету. Жеке орындаушылар байқауы 5 номинация, 3 кезең бойынша өтеді: Номинацияла...
Подробнее Просмотры: 364 Категория: Областные Дата: 18.02.2019

«ҒАСЫРЛАР ҮНІ» ІІІ облыстық фольклорлы-этнографиялық ансамбльдер байқауы

«ҒАСЫРЛАР ҮНІ» ІІІ облыстық фольклорлы-этнографиялық ансамбльдер байқауы Байқаудың мақсаты:Ұлттық өнерді кеңінен насихаттау. Барлық аудандарда фольклорлық топтар құрып, ансамбль жұмысын жандандыру. Өнер ұжымдары арасында достық, шығармашылық байланыс орнату. Фольклорлық шығармаларды, халық әндерін ансамбльмен орындау шеберлігін дамыту. Жаңа есімдерді анықтау. Дәстүрлі музыкалық мұрасын көпшілік қауымға насихаттау, дәстүрлі өнерге бет бұрған өнер иелерін ынталандырып, құрмет көрсету, қазақтың дәстүрлі музыкасы арқылы әлемдік өркениетке қосқан үлесін кеңінен насихаттау, ұлттық, фольклорлық өнердің дамуына ықпал жасау, фольклорлық ансамбльдердің репертуарларын дамыту, өзара шығармашылық байланыс орнатуына ықпал жасау, оларға жан-жақты қолдау көрсету. Байқаудың өтілу шарты:Байқауға әр ауданнан бір фольклорлық ансамбль қатыса алады. Ансамбль мүшелерінің саны 8 адамнан жоғары болуы керек. Әр ұжым 2 шығарма орындайды: 1 күй, 1 ән. Ансамбльдің аты, құрылғаны жөнінде шағын аны...
Подробнее Просмотры: 326 Категория: Областные Дата: 18.02.2019

Облыс әкімінің жүлдесі үшін өтетін XVII «ЖЕТІСУ ЖҰЛДЫЗДАРЫ - 2019» балалар шығармашылығы байқауы

Облыс әкімінің жүлдесі үшін өтетін XVII «ЖЕТІСУ ЖҰЛДЫЗДАРЫ - 2019» балалар шығармашылығы байқауы Халықаралық Балаларды қорғау күні аясында 2019 жылдың 1 маусым күні Талдықорған қаласының Орталық саябағында, Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін XVII «Жетісу жұлдыздары-2019» атты облыстық балалар шығармашылығы байқауы өткiзіледі. Байқаудың мақсаты: балалар шығармашылығын дамыту, үлкен сахнаға жол ашу; музыкалық - эстетикалық тәрбие беру; жас таланттарға қолдау көрсету; Байқаудың шарттары: Байқауға қатысатын үмiткерлер 2 топ бойынша сайысқа түседі; Кіші топ 5-10 жас аралығы. Үлкен топ 11-15 жас аралығы Байқауға қатысушылар 2 шығармадан орындаулары шарт. 3. Байқау 4 жанр бойынша өткізіледі: 1. Эстрадалық ән 2. Дәстүрлі ән 3. Хореография 4. Аспапта ойнау Эстрадалық ән жанры бойынша1-ші ән қазақ тілінде патриоттық тақырыпта, 2-ші ән өз қалауы бойынша жанды дауыспен орындалады. Ән таза жазылған (мину...
Подробнее Просмотры: 383 Категория: Областные Дата: 18.02.2019