Показатели работы

2018 жыл ІІ тоқсан

2018 жылдың 6 сәуір күін Астана қаласының 20 жылдығына орай «Бәйтеректі ордам – басты ордам» атты облыстық жыршылар байқуы өтті. Байқауға аудан, қалалардан барлығы 13 үміткер қатысты. І орынды Қаратал ауданының өнерпазы Жайдар Байтақ, ІІ орынды Райымбек ауданының өнерпазы Әбдірайымов Серік, ІІІ орынды Ескелді ауданынан Өмірәлі Дидар мен Көксу ауданынан Бадақ Ақын иеленді.

19 сәуір күні Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Burabai Summer Fest» атты Халықаралық балалар мен жасөспірімдер телевизиялық фестивалінің облыстық іріктеу туры өтті. Фестиваль қорытындысы бойынша жоғары деңгейде өнер көрсеткен өнерпаздар Бурабай аймағында өтетін қорытынды сынға жолдама алды. Астана қаласында өткен халықаралық фестиваліне қатысып, «Халық биі» номинациясы бойынша «Солнышко» үлгілі хореографиялық би ансамблі І орын. «Көркемдік оқу» номинациясы бойынша Рахатқызы Зеңгір ІІІ орынды иеленді.

3 мамыр күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Астана қаласының 20 жылдығына орай І Республикалық «Елге арнау» атты композиторлар байқауы өтті. 2 номинация бойынша барлығы 48 үміткер қатысып, ақтық сынға 18 үміткер жолдама алды. Қатысушы жеңімпаздар диплом мен ақшалай сыйлықпен марапатталды.

21 мамыр Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Талдықорған қаласы, Салтанат сарайында облыс әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлының қатысуымен мерекелік жиын өтті. «Үздік облыстық мәдениет мекемесі» номинациясымен «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» марапатталып «Лада Урбан» автокөлігінің кілті табысталды.

8 маусым күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министірлігі мен облыстық әкімшіліктің қолдауымен «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасының ұйымдастырумен «MEN QAZAQPYN» дәстүрлі әншілер, термешілер мен күйшілердің облыстық іріктеу туры өтті. Байқау қорытындысы бойынша 3 өнерпаз анықталып, Астана қаласында өтетін жобаға жолдама алды. 1. Дәстүрлі ән номинациясы бойынша Еңбекшіқазақ ауданынан Қайрат Бектұрсын. 2. Терме номинациясы бойынша Жамбыл ауданынан Есбол Шаңбаев. 3. Күй номинациясы бойынша Алматы облысы «Алатау әуендері» ФЭА күйшісі Танат Саденов.

 

2018 жыл ІІІ тоқсан

1 шілде «Ұлттық домбыра» күні болып жарияланды. Талдықорған қаласы «Жастар» саябағында «Ұлттық домбыра» мерекесіне арналған «Үкілі домбыра» атты мерекелік бағдарламасы өтті.

«Жетісу» саябағы – Жетісулықтардың Астанаға тартуы! Елорданың 20 жылдығы аясында «Жетісу» саябағының ашылуына орай салтанатты шара өтті. Алматы облысының тартуы – бұрынғы «Арай» саябағы қайта жөндеуден өтіп, халық иелігіне берілді. Жалпы Астанаға Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Абдуалиев бастаған 220 өнерпаз жол тартқан болатын.

9-12 шілде аралығында Беларусияның Витебск қаласында өткен ХҮІ Халықаралық балалар музыкалық байқауында Қазақстан Республикасының намысын қорғаған 7 жасар Жұмабаев Әбілқайыр ІІІ орынды қанжығасына байлады.

18 қыркүйек күні Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы Ақын Сара атындағы мәдениет үйінде Сара Тастанбекқызының 165 жылдығына арналған «Жетісудың Сарасы – бар қазақтың дарасы» атты Республикалық ақындар айтысы өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар жүлделі орынға ие болып, сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

Бас жүлде – Жандарбек Бұлғақов – Алматы қаласы.

І орын – Сара Тоқтамысова – Шығыс Қазақстан облысы.

ІІ орын – Балғынбек Имашев – Алматы қаласы.

ІІІ орын – Сырым Әуезхан – Алматы қаласы.

ІІІ орын – Нұрадым Мирланов – Батыс Қазақстан облысы.

21-22 қыркүйек күндері Ұзынағаш ауылы Жамбыл аудандық мәдениет үйінде Қазақстанның халық артисі, композитор Әсет Бейсеуовтың 80 жылдығына арналған «Әсеттің әсем әндері-ай» атты Республикалық әншілер байқауы өтті. Қазылар алқасының шешімі бойынша:

Бас жүлде – Алматы облысы Жамбыл ауданының дарынды өнерпазы Серікболова Ақбота иеленді.

І дәрежелі диплом - Қараболова Келбет – Шығыс Қазақстан облысы.

ІІ дәрежелі диплом – «Үшқоңыр триосы» - Батыс Қазақстан облысы.

ІІІ дәрежелі диплом – Абдрахманов Нариман – Алматы облысы Қарасай ауданы.

01 қараша күні Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында облыстық ХҮІ «Жетісу жұлдыздары-2018» балалар шығармашылығы байқауының Гала-концерті өтті. Байқау 4 номинация бойынша өтіп, қазылар алқасының шешімімен:

Бас жүлде «аспапта ойнау» номинациясы кіші топ– Нұрғиса Нұранбек – Талдықорған қаласы.

Бас жүлде «аспапта ойнау» үлкен топ – Ерсалым Адай – Ақсу ауданы.

Бас жүлде «би» номинациясы кіші топ – «Сармат» би ансамблі – Іле ауданы.

Бас жүлде «би» номинация үлкен топ – «Ай-наз» би ансамблі – Ескелді ауданы.

Бас жүлде «вокал» номинациясы кіші топ – Нұрмыхаметов Біржан – Талдықорған қаласы.

Бас үлде «вокал» номинациясы үлкен топ – Тоқтарова Амина – Талдықорған қаласы.

17 қараша күні Талдықорған қаласы, Б.Римова атындағы облыстық драма театрында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Орбұлақ шайқасы жеңісінің 375 жылдығына арналған «Асыл мұра» атты Халықаралық жыршылар фестиваль-шеруі өтті. Аталған шараға түркі тілдес халықтардың ұлттық жыр өнерін дәріптейтін Түркия, Қырғызстан, Қарақалпақстан елдерінің маңдайалды өнер шеберлері мен еліміздің әр аймағынан келген өнер майталмандары қатысты.

29 қараша күні Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Алматы облысы әкімінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ауылым - алтын бесігім» атты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары арасында облыстық байқаудың қорытынды Гала-концерті өтті. Қатысушы ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар облыс әкімінің алғыс хатымен, аппаратура, компьютер құрылғысымен және 300 мың теңге сертификатпен марапатталды.

1 желтоқсан күні Панфилов ауданы, Жаркент қаласында Орбұлақ шайқасы жеңісінің 375 жылдығына арналған мемориалды ескерткіш кешені ашылып, Панфилов аудандық мәдениет үйінде Алматы облысы әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлының, Қазақстан Республикасы мәжілісінің депутаты, қоғам жанашыры Қуаныш Сұлтанұлы және еліміздің белгілі өнер және қоғам қайраткерлері, әдебиетшілер мен тарихшылар қатысты.