План работы

Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының
2019 жылға арналған 
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

 

Шаралар мазмұны

Уақыты

 

Өтетін жері

 

1

Аудандық, қалалық мәдениет үйлерінің 2018 жылдық жұмыс есебін талдау, сараптау және 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша мәдениет үйлері директорларымен облыстық семинар – кеңес

қаңтар

Талдықорған қаласы

2

«Терроризм – ғасыр қаупі» тақырыбында орта және жоғарғы сынып оқушылармен кездесу және сауалнама жүргізу.

30 қаңтар

Талдықорған қаласы №10 ОМ

3

Халық шығармашылығы орталығының бекітілген жоспарына сәйкес, мәдени шараларды өз деңгейінде ұйымдастыру мақсатында байқаулар мен фестивальдердің ережесін дайындап бекіту.

Бөлімнің жоспарындағы мәдени шараларға жинақ папкаларын ашып, жыл бойы өтетін мерейтойлар мен байқаулардың өту ретін, бағдарламасын, сценарлық жобасын дайындау. Мәдени шаралар барысында безендіру жұмыстарын, жарық құралдарын, дыбыс аппаратурасын, музыкамен және бейнематериалдармен көркемделуін жинақтап қамту.

жыл бойы

Талдықорған қаласы

4

Қазақстан  Республикасының Президенті - Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, оның жалғасы ретінде шыққан Елбасының  21.11.2018 жылғы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру, жалғастырумен қатар Қазақстанның 30 дамыған мемлекеттер қатарына кіруіне ықпал етіп, барлық мәдени - көпшілік шаралар барысында Жолдауда көрсетілген Концепцияны  қолдану.

жыл бойы

Жоспар бойынша

5

Облыс көлеміндегі аудан, қала деңгейінде ұйымдастырылатын мәдени шараларға белсенді түрде атсалысып, әдістемелік көмек көрсету.

 

жыл бойы

Аудан, қала көлемінде

6

Сырттан келіп түскен хаттарға дер кезінде жауап жазу, өткізілген мәдени шаралар бойынша мәліметтерді мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына  өткізіп, әлеуметтік желілерге салып отыру

жыл бойы

Талдықорған қаласы

7

Облыс бойынша өткен әр мәдени шараларға материалдар жинастырып, әдістемелік көмек ретінде кітапшалар шығару, жоспар бойынша өткізілетін іс-шаралардың, байқаулардың, мерейтойлардың өз деңгейінде өтілуіне атсалысу, бағыт беріп отыру.

жыл бойы

Талдықорған қаласы

8

Мәдениет мекемелерінде өнерпаздардың басын қосып, түрлі үйірмелер ашу, ақылы қызмет көрсету жұмыстарын дұрыс жолға қоюға ықпал ету. Республикалық, облыстық байқауларға жас таланттарды іздеп табу, дайындау, дәріптеу. Мәдениет және оқу орындары арасында тығыз байланыс орнату, өнерлі жастардың өсуіне жағдай жасау.

жыл бойы

Аудан, қала бойынша

9

Мәдениет үйлері директорларынан І,ІІ,ІІІ,ІV тоқсан бойынша есеп қабылдау және қорытындысы бойынша мәдениет, архивтер  және құжаттама басқармасына өткізу

тоқсан сайын

Талдықорған қаласы

10

М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден ХІІ облыстық дәстүрлі «Жырлайды жүрек» атты әншілер байқауы

8 ақпан

Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы

11

Ауған соғысы аяқталғанына 30 жыл толуына арналған мәдени шара

 14 ақпан

Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы

12

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мәдени шаралар

 

7 наурыз

Талдықорған  қаласы

13

22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне  арналған мерекелік іс – шаралар

 

22 наурыз

Талдықорған  қаласы

14

Халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы байқауы

20-25 наурыз

Астана қаласы

15

Облыс әкімінің жүлдесі үшін «Жетісу жұлдыздары-2019» облыстық балалар шығармашылығы байқауының аймақтық іріктеу кезеңі

 

9-12 сәуір

Аудан, қала бойынша

16

«Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары арасындағы облыстық байқаудың аудандар бойынша іріктеу кезеңі

15 сәуір –

16 мамыр

Аудан, қала бойынша

17

Көрнекті ақын Ілияс Жансүгіровтің              125 жылдығына арналған Республикалық жазба ақындар мүшайрасы

 

15 мамыр

Ақсу ауданы

18

Мәдениет қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын (арнайы номинациялар бойынша)

 

21 мамыр

Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы

19

Мұқан Төлебаев атындағы Халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер мен «Кестелі орамал» вокалистер байқауы

 

23-24 мамыр

Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы

20

«Burabay Summer Fest» Халықаралық жасөспірім таланттар фестивалі

 

мамыр

Бурабай, Астана

21

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тұғырнамасы аясында ұлттық киімді ұлықтайтын  «Үкілі серуен» жобасы

 

мамыр

Талдықорған қаласы

22

«Жазықсыз жапа шеккендер» атты қуғын-сүргін құрбандарына бағышталған еске алу шарасы

 

31 мамыр

Талғар ауданы         «Жаңалық» ауылы

23

Облыс әкімінің жүлдесі үшін «Жетісу жұлдыздары-2019» облыстық балалар шығармашылығы байқауы

 

1 маусым

Талдықорған қаласының Орталық саябағы

24

Халық ақыны Кенен Әзірбаевтың                135 жылдығына арналған облыстық жыршы-термешілер концерті

 

маусым

Талдықорған қаласы

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы

25

Халықаралық «Шаттық» балалар шығармашылығы байқау-фестивалі

 

маусым

Астана қаласы

26

Би ұжымдары жетекшілерімен шеберлік сағаты, семинар

28 маусым

Талдықорған қаласы

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы

27

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында, Республикалық  «Нұр Отан» париясының ұйымдастыруымен өтетін «Ұлы даланың көне сарыны» атты Республикалық дәстүрлі музыка фестивалі

 

11 шілде

Талдықорған қаласы

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы

28

«Ғасырлар үні» облыстық фольклорлы-этнографиялық ансамбльдер байқауы

6 қыркүйек

Талдықорған қаласы

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы

29

Дәнеш Рақышев атындағы Республикалық дәстүрлі әншілер байқауы

13 қыркүйек

Талдықорған қаласы

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы

30

Сазгер Мұратхан Егінбаевтың шығармашылығына арналған «Сәйгүлік» атты Республикалық әншілер байқауы

 

21-23 қыркүйек

Талдықорған қаласы

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы

31

«Мәңгілік елдің мәңгілік сарыны» атты Халықаралық дәстүрлі музыка фестивалі

 

26–27 қыркүйек

Талдықорған қаласы

32

Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы байқау

4 қазан

Талдықорған қаласы

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы

33

«Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары арасындағы облыстық байқаудың қорытынды Гала-концерті, марапаттау рәсімі

 

18 қазан

Талдықорған қаласы

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы

34

«Жас дарын»  облыстық жастар шығармашылығы байқауы (жоба)

25 қазан

Талдықорған қаласы

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы

35

Халықтық атағы бар театр ұжымдарымен шеберлік сағаты, семинар

31 қазан

Б.Римова атындағы облыстық драма театры

36

«Асыл мұра» облыстық жыршылар байқауы

7 – 8 қараша

Талдықорған қаласы

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы

37

Халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаевтың                  130 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысы

14 – 15 қараша

Жамбыл ауданы

38

Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың  125 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция, концерт

 

қараша

Талғар ауданы

39

1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған мәдени-көпшілік шара

 

1 желтоқсан

Талдықорған қаласы

 

40

16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мәдени-көпшілік шара

 

16 желтоқсан

Талдықорған қаласы